«Болашақ» жоғары колледжі 2020 жылы «Акредиттеудің тәуелсіз Қазақстандық орталығы» комерциялық емес агенттігінен институционалды аккредитациядан және 01120100 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, 01140100 Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі, 01140500 Дене тәрбиесі және спорт, 01140600 Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, 06120100 Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша), 06130100 Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) мамандықтары бойынша мамандандырылған акредитациядан өтіп және 5 жылға куәлік алынған.
«Болашақ» жоғары колледжі жеке мекемесін институционалдық аккредиттеуден кейінгі мониторингтеу (бұдан әрі-АКМ) ССТ ұсынымдарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде жүргізілді және оны жүргізу өлшемдеріне сәйкес жүзеге асырылды. «Болашақ» жоғары колледжін аккредиттеу рәсімінің қорытындысы бойынша 2020 жылғы 16-20 наурыз аралығында сыртқы сараптама тобы колледж қызметінің сапасын жақсарту және жетілдіру бойынша ұсыныстар жасады. Аталған ұсынымдарды орындау мақсатында колледж "АТҚО" КЕМ ССТ ұсыныстарын іске асыру бойынша жоспар әзірледі. Іске асыру қорытындылары 2022 жылғы 14-15 наурыз аралығында аккредиттеуден кейінгі мониторингтің бірінші кезеңін өткізуге сәйкес АТҚО-ға ұсынылған ССТ ұсынымдарының орындалуының аралық есебінде көрініс тапты. «Болашақ» жоғары колледжі жеке мекемесін институционалдық аккредиттеу ұйымы ССТ ұсынымдары бойынша іс-шаралар жоспары шеңберінде өткізілді және оны өткізу өлшемшарттарына сәйкес жүзеге асырылды.
№ | Мамандық атауы, коды | Біліктілік атауы, коды |
1 | 01120100 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту | 4S01120102 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешісі 5AB01120101 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолданбалы бакалавры |
2 | 01140100 Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі | 4S01140101 Бастауыш білім беру мұғалімі 4S01140102 Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі 5AB01140101 Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі қолданбалы бакалавры |
3 | 01140500 Дене тәрбиесі және спорт-2018 | 4S01140501 Дене тәрбиесі мұғалімі |
4 | 01140600 Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі | 4S01140605 Шетел тілі мұғалімі |
5 | 01140300 Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі | 5AB01140303 Шетел тілін оқытудың педагогикасы мен әдістемесі қолданбалы бакалавры |
6 | 06130100 Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) | 4S06130103 Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастырушысы |