«WORLDSKILLS» сайыстарына қатысу

WorldSklls Turkestan-2019

2019 жылдың 23-25 сәуір күндері Түркістан облысының білім басқармасы мен әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен «WorldSklls  Turkestan-2019»  облыстық байқауы өтті.  Байқау болашақ мамандардың құзыреттілігін дамытып, қызметке бейімдеу, кәсіби біліктіліктерін арттыру, теория мен тәжірибені ұштастыра отырып, кәсіптік құзыреттіліктерін нығайту, ұжымдық қарым-қатынасқа психологиялық бейімдеу, өзара тәжірибе алмасу, болашақ мамандардың шығармашылық ізденістері мен қабілеттілігін дамыту, жұмыс берушілерді өзара ынтымақтастыққа тарту, ұжымдық қарым-қатынасқа психологиялық бейімдеу, өзара тәжірибе алмасу, қызмет көрсету саласының қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, кадрлар дайындауда жаңа заманауи  бағыттарды анықтауға жәрдемдесу мақсатында ұйымдастырылды.  Осы чемпионатқа біздің колледжімізден алғаш рет білім алушыларымыз қатысты. Олар «Web дизайн және әзірлемесі» құзыреттілігі бойынша ЕТ-11г-17 тобының білім алушысы Серікбай Балғабай Таңжарбайұлы, жетекшісі-Турдалиев Жандос ағайымыз, «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша АІ – 9р-18 тобының білім алушысы Анисимов Глеб Алексеевич, жетекшісі – Сейтова Гаухар апайымыз. Сонымен қатар  «Графикалық дизайн» құзыреттілігінде бас сарапшы – біздің информатик Рахымбаев Нұрсұлтан болды.

«Web дизайн және әзірлемесі» бойынша  Серікбай Балғабай  Таңжарбайұлы    І   орын алып  Алтын медаль иеленді. Мектепке дейігі тәрбие және оқыту» мамандығы  бойынша білім алушы Естемес Сымбат  қатысып, ІІ орын  күміс медальге иеленді.
«Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша Анисимов Глеб Алексеевич ІІ орын алып Қола медальмен марапатталды. Жетекшілері Алғыс хаттармен марапатталды.
«Болашақ» жоғары колледжінің «IT» құзыреттілігі «WorldSklls Turkestan -2020» облыстық чемпионатына «WEB бағдарламалау» бойынша жетекшілік еткен Түймебек Бейбарыс, ЕТ-9г-18 тобының білім алушысы Төре Әлішер қатысып, бас жүлдесінің иесі атанса, «Графикалық дизайн» бойынша жетекшілік еткен Әмір Ерғазы, ЕТ-9-18 тобының білім алушысы Анисимов Глеб Алғыс хатпен марапатталды.
2021 жылдың қараша айында «Worldskills Kazakhstan 2021» Республикалық чемпионатына «WEB бағдарламалау» бойынша жетекшілік еткен Түймебек Б.М., ЕТ-9г-18 тобының білім алушысы Төре Әлішер қатысып, Алғыс хатпен марапатталды.

  • 17-18.02.2020 жылы Түркістан обылысының адами әлеуетті дамыту басқармасы облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шебері және арнайы пән оқытушылары арасындаөткізілген «Үздік бағдарламашы-2020» атты облыстық байқауда Түймебек Бейбарыс ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды;
  • 2020 жылдың ақпан айында Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында ІТ саласы бойынша «Бағдарламалау – қазіргі заманның ІТ технологиялары негіздері» тақырыбында өткен облыстық олимпиадада ЕТ-9Г-18 тобының білім алушысы Төре Алишер жүлделі І орынды иеленді;
  • Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде өткізілген «Yassawi SmartTech» бағдарламалық өнімдерін әзірлеу бойынша білім алушыларды ұйымдастыруда белсенділік танытып, жетекшілік жасағандығы үшін Турдалиев Жандос Алғыс хатпен марапатталды.
  • Аумақтық чемпионат Worldskills Kazakhstan «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзіреттілігі бойынша оқытушы Токсанбаева Г.Б сертификатпен марапатталды. 2020-2021 оқу жылында өткізілген «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Қазақстан» аумақтық чемпионатына МДТ-9г-17 тобының білім алушы Нышанбай Мерей қатысып, жетекшісі «Мектепке дейінгі педагогика және психология» пәнінің оқытушысы Токсанбаева Г.Б сертификаттармен марапатталды. Ақпан айының 26 күні Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжінде өтетін «Kindergarten teacher-2022» атты байқауға «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша МДТ-9г-18/2 тобының білім алушысы Төлепберген Аяжан қатысп алғыс хатпен марапаталды
  • 2020-2021 жылдары «Үздік ғылыми-танымдық баяндамалар» тақырыбындағы Республикалық конкурсында «Жастар арасындағы кикілжіңнің туындауы және оның алдын алу» атты тақырыпта баяндамасымен қашықтықтан қатысып МДҚБ-11г-19 тобының білім алушысы Әмірсейіт Таңшолпан II орын иеленді. 2020-2021 оқу жылында өткізілген «Бастауыш білім беру» құзіреттілігі бойынша «WorldSkills Қазақстан» аумақтық чемпионатына ББ-9г-17 тобының білім алушысы Назарқасым Әсел қатысып, жетекшісі «Педагогика» пәнінің оқытушысы Аулабекова М.К сертификаттармен марапатталды.
дипломдар