Білім алушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру үшін жалпы ауданы 194,4 кв.м. құрайтын 70 орындығы бар кітапхана мен оқу залы, кітапхана қоры сақталатын қойма қолданысқа берілген.
Білім алушылардің оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтылу көрсеткіші нормативтерге сай келеді және әрбір білім алушыға шаққанда, 33 дана болып табылады.
Қазіргі таңда, колледж кітапханасының жалпы қоры – 59904 дана: оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттер – 19803 дана, оқулықтар – 37086 дана, көркем әдебиеттер – 2200 дана, электронды оқулықтар – 815 дана.
Кітапхана дәстүрлі әліпбимен және жүйелі каталог арқылы жұмыс жасайды. Оқырмандардың ақпараттық қажеттіліктерін қамтамасыз ету бірнеше бағыттар бойынша заманауи талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Кітапханада кітаптарды насихаттауға бағытталған әртүрлі іс-шаралар, танымал тұлғалармен кездесулер, тәрбиелік мақсаттағы іс-шаралар жиі ұйымдастырылып, өткізіліп отырады.
Жүйелі түрде Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдаудары оқырмандарға түсіндіру мақсатында көрмелер және конференциялар жиі өткізіледі. Кестеде Президентіміздің еңбектері, «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламасының брошюрасы, Жолдауға байланысты екі тілде жарияланған мақалалар жинақталған. Рухани байлықты толықтыру және патриоттық тәрбие беру мақсатында Тәуелсіздік күніне орай «Ұлт мақтанышы - Елбасы!», Президент күніне орай: «Елбасы: ел тірегі, ел сенімі» тақырыбында дөңгелек үстелдер; ал наурыз мерекесі қарсаңында – әдеби-сазды кштер мен конкурстар жүргізіледі. Әкімшілік тарапынан «100 нақты қадам» жобасы бойынша ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асылған 1119 түрлі кітап сыйға берілді. Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» жаңа бағдарламасы бойынша кітаптармен таныстырылу көрмесі жүзеге асырылады.
ҚР мемлекеттік тілдері күні мерекесіне арналған «Тілім - менің тірегім» атты тақырыбына байланысты кешке керекті материалдармен қамтамасыз етіп, топ жетекшілерімен бірге оқырман залында көрме жасалынды.Түрлі тақырыптар бойынша жаппай іс- шаралар өткізіліп отырады.
Кітапхана жұмысының маңызды бағыттарының бірі – ақпараттық электронды ресурстарды басқару және олардың кітапханада қолданылуы, ақпараттық-электронды ортада ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету. Кітапхана ұсынатын қызметтердің бірі – ақпараттық кеңістікті ашу. Колледжде электронды оқу залы жұмыс жасайды. Залда оқырмандардың интеллектуалды талап-тілектерін толыққанды қанағаттандыру үшін сапалы қызмет көрсетіледі.
Оқу пәндерін қажетті әдебиеттермен қамтамасыз ету барысын талдау үшін кітапханада: мерзімді басылымдар картотекасы, электронды түрде – кітаппен қамту картотекасы, барлық мамандықтар бойынша электронды оқулықтар картотекасы құрылып, жүргізіледі. Бүгінгі таңда білім алушылар үшін абонементтер, оқырман залы, оқырман залы бар 2 бөлім жұмыс жасайды. Ақпараттардың көп бөлігіне қолжетімділікті электронды оқу залы қамтамасыз етеді. Тұтынушылар үшін электронды оқу залының мәліметтер қорында қажетті құжаттарды іздеу жұмыстарын жүргізуге барлық мүмкіндік жасалған. Кітапханада электронды оқу құралдары жұмыс жасайды. Білім алушылар кез келген уақытта өзінің электронды тасығышына қажетті оқулықты көшіріп ала алады. Кітапханада барлығы интернетке қосылған 16 жеке компьютер, 1 көбейту-көшіру техникасы, 1 принтер жұмыс жасайды.
Кітапхана өзінің абоненттерін тақырыптық және кітап көрмелері арқылы хабарлама беріп отырады. Жыл сайын 20-дан астам тақырыптық көрмелер қойылады. Оқырмандарға көмек ретінде оқытудың өзекті мәселелері мен атаулы даталар бойынша әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылып отырады.
Мемлекеттік тілдегі оқулықтар мен оқу әдістемелік оқулықтарды, электронды оқу құралдарын сатып алу жыл бойына жүргізіліп отырады. 10-11 сынып бағдарламасын оқитын студенттер үшін мемлекеттік тілде 2020 жылдың 6 қазанында «Мектеп» баспаханасынан 405 оқулық, әдістемелік оқулық және СД электронды оқулықтарымен бірге 832 416 тенгеге, 2020 жылдың 18 қарашасында 550 оқулық, әдістемелік оқулық және СД электронды оқулықтарымен бірге 1 221 668 тенгеге, 2020 жылдың 23 қарашасында ИП«Сихимов Е.К.» баспаханасымен жасалған келісім шарты негізінде медициналық арнайы пәндер үшін мемлекеттік тілде 88 оқулық 488500 тенгеге, 2020 жылдың 20 қарашасында «ССК» баспаханасымен жасалған № 25/11 келісім шарты негізінде медициналық арнайы пәндер үшін мемлекеттік тілде 310 оқулық, әдістемелік оқулықпен бірге 2 188 000 тенгеге, 2021 жылдың 25 наурызында «New book» баспаханасымен жасалған № 25/03 келісім шарты негізінде арнайы пәндер үшін мемлекеттік тілде 325 оқулық, әдістемелік оқулық және есептер жинақтарымен бірге 2 267 000 тенгеге сатып алынып, колледж кітапханасы толықтырылды.
2020 жылы қашықтықтан оқытуға көшуге байланысты колледж оқытушылары мемлекеттік тілде білім алушылар үшін бейне сабақтар құруға көп көңіл бөлді. Мұғалімдер жасаған бейне сабақтар білім беру платформасында орналастырылды.
Кітап қоры Жалпы саны |
2019-2020 |
2020-2021 |
2021-2022 |
2022-2023 |
||||
59269 |
59634 |
59634 |
59904 |
|||||
Атауы |
Орыс тілінде |
Қазақ тілінде |
Орыс тілінде |
Орыс тілінде |
Қазақ тілінде |
Қазақ тілінде |
Орыс тілінде |
Қазақ тілінде |
Тіл бойынша |
4018 |
7604 |
4031 |
4031 |
4031 |
7674 |
4031 |
7722 |
Мамандық бойынша |
4023 |
7831 |
4038 |
4038 |
4038 |
7896 |
4038 |
7993 |
Жалпы пәндер бойынша |
3639 |
7836 |
3642 |
3642 |
3642 |
7856 |
3653 |
7993 |
Оқу-әдістемелік |
4014 |
7624 |
4027 |
4027 |
4027 |
7679 |
4035 |
7697 |
Көркем әдебиет |
4000 |
7888 |
4013 |
4013 |
4013 |
7963 |
4013 |
7963 |
Электрондық оқулықтар |
155 |
645 |
157 |
157 |
157 |
658 |
157 |
658 |
Мерзілімді басылым газет, журналдар |
450 |
542 |
2200 |
2200 |