Кәсіптік іс-тәжірибе

Оқу жұмысының негізгі бағыттары:

Мақсаты: Академиялық дербестікті дамыту аясында жұмыс беруші әріптестермен бірлесе отырып, бәсекеге қабілетті білім беру бағдарламаларын қалыптастыру және сапалы білім беру қызметтерін ұйымдастыру.

Міндеттері:

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен, нормативтік құқықтық құжаттармен оқу-бағдарламалық құжаттарды жетілдіру үшін колледждің педагогикалық ұжымын таныстыру.

2. ҚР ОАМ 2023-2024 оку жылының басына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарында өндірістік практика процесін ұйымдастыру бойынша нұсқаулық-әдістемелік ұсынымдарды жүзеге асыру.

3. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша студенттердің практикадағы білім жетістіктерін бағалауды жүзеге асыру.

4. Өндірістік практика барысында теориялық білімдерін практика жүзінде шеберлікпен қолдануды ұйымдастыру, өндірістегі мамандардың қатысуымен кездесулер өткізу, оларды талқылау, ғылыми-практика жетістіктерін, алдыңғы қатарлы тәжірибелердіі және оқытудың жаңа технологияларын зерттеу, тиімді жолдарын іріктеу және практикаға енгізу.

5. Өндірістік практика қортындыларын талқылау, студенттердің білімінің, іскерлік, дағдысының сапасын талдау және нәтижелерді жақсарту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу.

6. Өндірістік практиканы ұйымдастыру барысында серіктестікті дамыту және бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелерін екі жаққа тиімді бағытта шешудің жолдарын қарастыру.