Миссия және саясат

миссия және саясат

«Болашақ» жоғары колледжі ЖМ миссиясы, стратегиясы, саясатының негізгі басымдығы білім беру процесінің инновациялық сипаты мен білім алушыларға ұсынылатын білім беру бағдарламаларының маңызды принциптерін пайдаланып, мамандарды даярлаудың сапасын арттыру болып табылады. «Болашақ» жоғары колледжінің миссиясы кезектен тыс Педагогикалық кеңестің шешімімен бекітіліп, оның қабылдануы және орындалуы барлық құрылым бөлімдері мен педагогикалық ұжымның, білім алушылардың қатысуымен жүзеге асырылуда.

Миссиясы:

Еңбек нарығындағы қажеттіліктерге жауап беретін, бәсекеге қабілетті кәсіби мамандар даярлау. Білім беру мазмұнының жаңаруы негізінде әлемдік білім кеңестігіне қол жеткізу, ұлттық құндылықтарды игерген, жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу.

Саясаты:

Бәсекеге қабілетті, жаңа көзқарасты болашақ мамандардың ғылыми- интеллектуалды және үздіксіз тәжірибеге бағдарланған білім беру ортасын құруға бағытталған оқу үдерісін қалыптастыру.

Инновациялық режимге ену қабілеттілігінің еңбек нарығына сәйкес дамуы т.б. проблемаларды шешу бүгінгі күні техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін тиімді басқару компонненттерін түзеді.

Миссияның аясында колледждің басты мақсаты мен міндеттері айқындалған.

Мақсаты:

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі педагогикалық құзыреттілік аясында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту.

Міндеттері:
  • Болашақ мамандарға заманауи кәсіби білім беру
  • Үздік практикалар негізінде білім алушылардың, педагогтердің және білім беру ұйымдарының сапасын бағалаудың жаңартылған жүйесін енгізу.
  • Білім алушының зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету.
  • Жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамгершілік құндылықтары, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде кәсіби қалыптасуын бағыттап, сапалы білім алуына жағдай жасау.
  • Білім беру ұйымдарын цифрлық инфрақұрылыммен және қазіргі заманғы материалдық-техникалық базамен жарақтандыру.
  • Мамандарды дайындауда ұйымдармен әлеуметтік әріптестіктің жаңа түрлерін енгізу.
  • Арнайы пән оқытушыларының шет тілін білу деңгейінің арттыру мақсатында педагог қызметкерлерді шетел тілінен білімін арттыру курстарына жіберіп оқыту

Сонымен қатар «Болашақ» жоғары колледжі Қазақстан Республикасының 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сай білім беру жүйесін жаңартып, оның құрылымын, мазмұнын жетілдіруде сапалы маман дайындап, мақсатты әрі табысты жұмыс жасауда. Оқу орнының материалдық-техникалық базасы мен жұмыс ауқымы жүйеге келтірілген, ақпараттық технологиямен толық жабдықтау жұмыстары әлі де қарқынды жүргізуде.

Стратегиялық жоспар колледждің материалдық-техникалық базасы, интеллектуалдық қорына, қаржылық мүмкіндіктеріне сәйкес келеді. Стандарт талаптарына сай деңгейде материалдық-техникалық базаны (дәрісхана қоры, компьютерлік техниканың бар болуы, байланыс мүмкіндіктері, интернет желісіне шығу мүмкіндігі, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру, спортты дамыту және т.б.) жетілдіру, барлық мүдделі тараптардың қажеттіліктерін толық қанағаттандыру бағыты колледждің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Бөлімдердің жұмыс жоспарларының орындалуы, ұсыныстары, толық есебі әр жыл сайын педагогикалық кеңеске ұсынылып, қорытындыланады.