Студенттердің кәсіптік практикасын ұйымдастыру және өткізу Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Әлеуметтік әріптестік туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Колледжде студенттерді кәсіптік тәжірибеден өткізу оқу процесінің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Оның негізгі мақсаты: білім алушылардың алған теориялық білімдерін тәжірибе жинақтау арқылы тереңдету, бекіту және мамандықтарына байланысты іскерлік дағдыларды қалыптастыру. Сонымен қатар, кәсіби бағдар беру жұмысын қамтамасыз етуе отырып, еңбек нарығының сұраныстарына сәйкес теориялық оқыту мен өндірістік оқыту арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ету. Қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын сұраныстарына бейімделуіне ықпал ету және еңбек ұжымы қызметіне тарту болып табылады.
Білім алушылардың оқу-өндірістік тәжірибесі 27.07.2007 ж. Қазақстан Республикасы Білім туралы заңына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 29.01.2016 жылғы № 107 бұйрығымен, 2018 жылғы «2» қарашадағы № 611 бұйрығымен бекітілген «Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидалары және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидаларын» басшылыққа ала отырып, колледжінде оқу, өндірістік практиканы ұйымдастыру және өткізу кестесіне және Мемлекеттік жалпыға міндетті техникалық және кәсіптік білім беру стандартына және оқу жоспарларына сәйкес ұйымдастырылады. Кәсіптік практиканың ұзақтығы мен мерзімі оқу жоспарларымен белгіленеді және шоғырландырылған және шашыраңқы түрде жүзеге асырылады. Орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың кәсіптік практикасы туралы ережеге сәйкес практика негіздерін анықтауды колледж басшылығы өндіріспен тікелей байланыс негізінде жүзеге асырады.
Оқу жылының басында «Болашақ» жоғары колледжі студенттерінің оқу-өндірістік практикасын ұйымдастыру бойынша жұмыс жоспары әзірленді. Колледж мамандықтарының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес практика түрлерін өту үшін студенттер тиісті практикаға жіберу туралы бұйрықтарға сәйкес шеберханаларға, кәсіпорындар мен ұйымдарға жіберіледі. Тәжірибенің әрбір түрі жұмыс оқу бағдарламаларына және практика түрлерін өткізудің күнтізбелік жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Зертханалық және практикалық жұмыстарды жүргізу үшін арнайы пән оқытушыларына бекітілді. Барлық зертханаларда, оқу кабинеттерінде паспорттар мен қауіпсіздік ережелері, өрт сөндіру құралдары бар. Барлық оқу ғимараттары мен оқу кабинеттерінде шығу схемалары орнатылған. Оқу процесінің кестесіне сәйкес оқу практикасы колледждің осыған жабдықталған кабинеттерде өткізіледі.
Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы, ҚР БҒМ 15.01.2021 жылғы № 6-13-4/131-И шығыс хаты негізінде «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында индустриялық кеңестің (ИК) қызметін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымды бекіту туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №566 бұйрығына сәйкес мүшелерін сайлау керектігін, ИК мақсаты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында іске асырылатын білім беру бағдарламаларының өзектілігі, сапасы мен стратегиялық қажеттілігіне қатысты консультациялар мен ұсынымдар беру болып табылатынын жеткізе отырып ИК мүшелер құрамына 02.02.2022 жылғы №23 ж/к бұйрығымен өзгеріс енгізілді.
Өндіріс орындары мен мекемелердің толыққанды жұмыс режиміне көше бастауы білім алушылардың білім және біліктілік сапаларына үлкен әсерін тигізді. Қазіргі таңда индустриалды кеңес жұмысы колледждің әлеуметтік серіктестерімен әріптестік қарым-қатынасын дамытуға, заман талабына сай жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келетін білікті кадрлар даярлауға септігін тигізетін жобалар жасалып, жұмыстар қарқынды түрде жасалып жатыр.
Оқу және өндірістік-технологиялық тәжірибелердің ұйымдастырылуы мен өткізілуі төмендегіше жүргізіледі:
Мамандықтар шеберлігі мен дағдыларын қалыптастыруды жақсарту мақсатында өткізілген кездесулер мен жиындарда "Бастау Бизнес", "Бизнес-Кеңесші" оқу бағдарламалары мен білім сапасын арттыру мәселесі кеңінен талқыланды және Бизнесті сервистік қолдау (заң қызметтері, бухгалтерлік есеп және салық бойынша кеңес беру) бөлімінің басшысы Кошаков Даулет, Сарсенбаева Алия Романкуловна - «Болашақ» мектебінің директоры, Шоқанқызы Жұбаныш – «Бала шақ» балабақшасының меңгерушісі, Аллаяр Заңғар – «Заңғар» ақпараттық орталығы басшысы, Умешова Құралай Абдысабырқызы – «Құралай» тігін шеберханасы меңгерушісі, Умаров Бәтеш – «Сымбат-Нұр» медицина орталығының бас дәрігерінің орынбасары, Алибекова Актоты Ныгматовна - «КАВД коллекторлық агентігі» ЖШС басшысы құнды пікірлер айтып, сапалы білім мен тәжірибелік дағдылары қалыптасқан түлектерді жұмыспен қамтамасыз етуге дайын екендігін айтты. Қазіргі заман талабына сай, еңбек нарығында қажетті, қабілетті маман даярлауда білім алушыларге алған білімдерін игерту мақсатында тәжірибенің атқаратын қызметі орасан. Тәжірибе –оқу үдерісінің құрамдас бөлігі, онда білім алушылар оқыту кезінде алған білімдерін тереңдетіп, оқып жатқан мамандығы бойынша қажетті білімді, кәсіби дағдыны қалыптастырып үйренеді. Тәжірибеден өту барысында, жоғары деңгейде кәсіби шеберлігін шыңдап, мол тәжірибе жинақтайды. Осы мақсатта, біздің колледж әлеуметтік серіктестерімен келісім-шартқа отыру арқылы, үнемі екі жақты жұмыс жасап отырады. Білім берудің тәжірибеге бағытталуын дуальді оқытудың элементтерін пайдаланудан көруге болады. Яғни, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Бастауыш білім беру», «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандықтарының теориялық сағаттарының тәжірибеге бағытталынуын айтуға болады. Осы мамандықтың білім алушылары біздің базамыздағы «Бала шақ», «Адиюша», №16 «Сымбат», №66 «Болашақ», «Ботагөз» балабақшаларында іс-тәжірибеден өтеді. Қазіргі таңда «Болашақ» жоғары колледжінің мамандықтары бойынша әлеуметтік серіктестермен 83 екі жақты және 7 үшжақты келісім шарттар жасалған.
Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуалды жүйесі-техникалық және кәсіптік мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі болып табылады. Нақты өндіріс жағдайларына бейімделген, жұмыс орнында дағды мен білімді тікелей игеруге бағытталған, практикалық сағаттардың оқыту бағдарламасына барынша үйлесіммен біріктірілетін білікті мамандарды дайындау қазіргі кезде білім берудің дуалды жүйесі деген атпен белгілі. Маман дайындау сапасына талап күшейіп тұрған сәтте колледж өз дамуын әлеуметтік серіктестіктікпен тығыз байланыста қарастырады. Білім беру ұйымымен анықталатын пәндерінің топтық әдістемелік комиссиямен келісілген, жұмыс берушілермен рецензияланған, бекітілген жұмыс оқу бағдарламасы бар. Оны құрастыруға курсты жүргізетін оқытушылар мен жұмыс берушілер өкілдері бірлесе қатысады.
Колледжде жүзеге асырылатын білім бағдарламалары білім алушылардің кәсіби әрекеттің белгілі бір түрінің білім, дағды және құзыреттілігін меңгеруі үшін жасалған, оның табысты аяқталуы нәтижесінде олар орта буын маманның кәсіби біліктілігіне ие болады. Колледждің білім беру бағдарламаларын меңгеру нәтижесінде алынатын біліктілік Ұлттық біліктілік шеңберінің техникалық және кәсіптік деңгейіне сәйкес келеді.
Педагогикалық «Бастауыш білім беру» («Бастауыш білім берудің мұғалімі», «Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі» біліктіліктері бойынша, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Негізгі орта білім» ( «Шетел тілі мұғалімі»), «Дене тәрбиесі және спорт» мамандықтары бойынша практикалар облыс және Шымкент қаласының мектептерінде өткізіледі.
Өндірістік практикадан өту барысында оқыту - танысу практикасынан өту кезінде қойылған талаптарды орындайды. Сонымен қатар, олардың жұмыстары, жекелеген тапсырмаларды орындауы және басқа да әрекеттері жаңа ғылыми - техникалық құралдарды пайдалана білу, іске шығармашылық, аналитикалық тұрғыдан қарау, жоғары деңгейдегі дербестігі негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
«Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша білім алушылар Шымкент қаласындағы «Болашақ» жекеменшік мектебінде, директоры Сарсенбаева А.Р. дуальдік білім беру жүйесімен мамандықтың машықтарын меңгеріп, кәсіби шеберлікке дайындалады. Мектептің материалдық-техникалық базасы талапқа сай және «Дуальдік білім беру» оқу кабинеті жабдықталған:
01120100 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығы бойынша білім алушылар Шымкент қаласындағы «Бала шақ» балабақшасы, меңгерушісі Шоханқызы Жұбаныш, №16 «Сымбат» балабақшасы, меңгерушісі Сакбаева Д.А., «Botakoz» балабақшасы, меңгерушісі Нишанова М.К., №66 «Болашақ» балабақшасы МКҚК, меңгерушісі Мартыненко Т.В., «Адиюша» балабақшасы, меңгерушісі Медетбекова Ж.С. мекемелерімен дуальдік білім беру жүйесімен мамандықтың қыр-сырын меңгеріп, кәсіби шеберлікке дайындалады. Келесі оқу жылында «Жұлдыз» бөбекжай балабақшасымен, меңгерушісі Мамутова Г.К. осы жүйемен келісім жасалады.
Практикадан өткен білім сапасы жақсы мамандар осы мекемелерде жұмысқа орналасады.
«Сымбат», «Адиюша», «Бала шақ» балабақшаларында колледж түлектері жұмыс істеуде.
Студенттер тәжірибе жүргізу барысында төмендегідей іскерліктер мен дағдыларын қалыптастырады:
• Мектепке дейінгі мекемелердегі оқу-тәрбие жұмысымен танысу.
• Педагогикалық озық тәжірибелермен танысу.
• Режимдік үрдісті өткізу, еңбек , түрлі іс-шаралар ұйымдастыру;
• Түрлі жастағы балалармен байқау жұмыстарын жүргізу.
• Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасын құру;
• Көрнекілік құралдар, дидактикалық материалдар дайындау.
• Күнделік жүргізу.
07230100 Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу, 10130300 Тамақтандыруды ұйымдастыру мамандықтары бойынша кәсіптік, технологиялық және өндірістік тәжірибелері келісім шарт жасалға базалық мекемелерде өткізіледі:
«Заңғар» ЖК, «КАВД» ЖШС, «Гаухар» тігін фабрикасы ЖШС, «Құралай» тігін шеберханасы ЖК, «Зере» тігін фабрикасы ЖШС, Кафе «Каусар», ЖК, Кафе «Миндаль» ЖК ,Кафе «Алые паруса» ЖШС, «PANAP GROUP», Кафе «Жеті шаңырақ» ЖК базаларында мамандықтары бойынша машықтанудан өтеді. Тігінші және аспазшы мамандығы бойынша оқып жатырған білім алушылардың көпшілігі каникул және сабақтан тыс уақыттарда өздері практикадан өткен мекемелерде жұмыс істуге шақырылуда.
02310100 Аударма ісі (түрлері бойынша), 04110100 Есеп және аудит, 04210100 Құқықтану, 06130100 Бағдарламалық қамтамасыз ету мамандықтары бойынша «АВС» оқу орталығы, Canvas Hotel-Шымкент, Rixos Khadisha Shymkent - Шымкент., «КАВД» ЖШС, «Білім шыңы» ЖШС, «Оңтүстік» Бизнес орталығы, Шымкент қаласы Әділет департаментінің филиалы «Жеке сот орындаушыларының ұсыныстары бойынша әкімшілік тәжірибе бөлімі», Адвокаттар алқасы-Шымкент, ХҚК орталығы-Шымкент, «Сапарбай» ЖШС мекемелерінде келісім шарт негізінде машықтандырудан өткізіледі. Сапалы мамандарды осы мекемелер жұмысқа орналастырады.