Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жыл 21 қаңтардағы № 50 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жыл 9 наурызда № 13422 болып тіркелді.
Дуальды оқыту – бұл кәсіпорында, оқу орнында студенттің жауапкершілігімен өндірістік оқытудың кәсіптік практиканың міндетті кезеңдерімен және білім алушыларға жұмыс орындары мен өтемақы төлемдерімен қамтамасыз етуді қоса оқытуды біріктіретін оқыту түрі;
Қосарланған оқыту туралы шарт – бұл өндірістік оқыту мен кәсіптік тәжірибеден өту үшін жұмыс орнын ұсынатын, кәсіпорын және өндірістік оқу мен кәсіптік тәжірибеден өту шарттары мен тәртібін реттейтін оқу орны арасындағы жазбаша келісім.
Дуальды оқыту жүйесі
Қазіргі уақытта республикада кәсіби білікті техникалық кадрлардың едәуір жетіспеушілігі бар. Осыған байланысты қазіргі уақытта дуалды білім беру жүйесіне маңызды орын бөлініп отыр. Тәжірибелік сабақ рөлінің артуына байланысты болашақ мамандар оқу сатысында өндірістік дағдыларды игереді. Бұған оқу процесінің практикалық құрамын арттыру және сабақты тікелей жұмыс орнында өткізу арқылы қол жеткізеді.
Дуальды білім беру жүйесі – бұл білім беру мекемесінде оқытудың өндірістік қызмет кезеңдерімен ұштастырылуын қамтамасыз ететін білім беру жүйесі. Дуальды білім беру жүйесі оқу орнында оқудың өндірістік қызмет кезеңдерімен үйлесуін қарастырады. Бұл жүйе бойынша білім беру келесідей құрылған: колледжде жүйелі сабақтармен қатар өтеді.
2020 жылы біздің колледж дуалды білім беру жүйесі бойынша 25 адамға өтінім берді, 2021 жылға өзектендірілгеннен кейін саны 104 адамды құрады. 2021-2022 оқу жылында дуальді оқыту жүйесі бойынша оқитын студенттердің жалпы саны – 104 адамды құрайды, оның ішінде 2020 жылдан бастап студенттердің жалпы контингентінің 32 % пайызын құрайды.
Мамандығы | Курс | Жалпы саны | Мемлекеттік тапсырыс |
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту | 3 | 50 | 50 |
Бастауыш білім беру | 2 | 39 | 25 |
Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу | 2 | 15 | 21 |
Барлығы | 104 | 96 |
Мамандығы | Мекемелер |
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту |
|
Бастауыш білім беру | «Болашақ» мектебі |
Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу | «Құралай» тігін шеберханасы |
01120100 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығы бойынша білім алушылар Шымкент қаласындағы «Бала шақ» балабақшасы, меңгерушісі Шоханқызы Жұбаныш, №16 «Сымбат» балабақшасы КММ, меңгерушісі Сакбаева Д.А., Botakoz» балабақшасы, меңгерушісі Нишанова М.К., №66«Болашақ» балабақшасы МКҚК, меңгерушісі Мартыненко Т.В.,«Адиюша» балабақшасы, меңгерушісі Медетбекова Ж.С. мекемелерімен дуальдік білім беру жүйесімен мамандықтың қыр-сырын меңгеріп, кәсіби шеберлікке дайындалады. Келесі оқу жылында «Жұлдыз» бөбекжай балабақшасымен, меңгерушісі
Мамутова Г.К. осы жүйемен келісім жасалады.
01140100 Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша білім алушылар Шымкент қаласындағы «Болашақ» жекеменшік мектебінде, директоры Сарсенбаева А.Р.дуальдік білім беру жүйесімен мамандықтың машықтарын меңгеріп, кәсіби шеберлікке дайындалады.
07230100 Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу мамандығы бойынша білім алушылар Шымкент қаласындағы «Құралай» тігін шеберханасы ЖК, басшысы Умешова Қ шеберханасында дуальдік білім беру жүйесімен тігіншіліктің бар қасиеттері мен мамандықтың шеберлігін меңгеріп, кәсіби дағдыға дайындалады. Келесі оқу жылынан бастап «Гаухар» тігін фабрикасы ЖШС, директоры Халбаева А., «Зере» тігін фабрикасы ЖШС-мен келісім жасалып, дуальдік оқыту қолға алыну жоспарланып жатыр.
"Бала шақ" балабақшасы, "Ботагоз" балабақшасы, №16 "Сымбат" балабақшасы, "Алтын сақа" балабақшасы,"Болашақ" мектебі, Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты, ЖМ "Заңғар", «КАВД» ЖШС, Кафе «Жеті шаңырақ» ЖК Жанар, "Жеті жұлдыз" асханасы, Кафе «Алые паруса» ЖШС «PANAP GROUP» кәсіпорындарында 9 мамандық бойынша дуальдік оқытумен мамандар даярланады. Жалпы дуальдік оқытумен қамтылған студенттер саны – 513.