«Болашақ» жоғары колледжінің дамуына ықпал ету мақсатында құрылған басқару органы болып табылады. Кеңес өз қызметі барысында ҚР Конституциясын, «Білім туралы» заңын, ҚР басқа да нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа ала отырып жұмыс жасайды. Нақтырақ айтса колледждің қамқоршылық кеңесі оқу-тәрбие үрдісінің үздіксіз жұмыс істеуіне және дамуына ықпал ету, білім үрдісін жетілдіруге, білім сапасын арттыруға колледждің барлық кеңестерінің мүшелерін колледждің іс-шараларын ұйымдастырып, қатыстыруға, өзін-өзі басқару жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында колледждің қамқоршылық кеңесінің төменгі құрамы бекітілді.
Қамқоршылық кеңестің 2023-2024 оқу жылының жұмыс жоспары жасалынып бекітілді. Колледждің ішкі тәртібі және ережесі мен жарғысына сәйкес колледж білімгерлерінің құқықтары мен міндеттерінің қорғалуын қадағалау жұмыстары жүргізіп отырды. Ата – анасының қамқорлығынсыз қалған білімгерлерді, аз қамтамасыз етілген отбасы және көпбалалы отбасынын шыққан білім алушыларды жағдайы төмен отбасы балаларын жатақханамен қамтамасыз ету бойынша қадағалау жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар колледж 234 студентке оқу төлем ақысына жеңілдіктер жасалынды Асханада білімгерлерге берілетін астың сапасын, бөлінген нормаларына сәйкес болуын қадағалауға көмек берді. Білім алушылардың денсаулығын жақсарту мен қорғау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, медициналық қызметін жақсарту бағыты бойынша жұмыстар атқарып отырды. Колледж өткізіліп отырған іс-шараларға қатысып қолдау көрсетіп отырды.