Мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің ғылыми танымдық шығармашылық қабілеттерін арттыру, жас ғалымдарды дамытуға ықпал ету мақсатында Ұлықбек мырза атындағы Өзбекстан ұлттық университеті және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Академиялық ғылымдар департаменті» және «Білімді ұрпақ» ғылым мен білімді қолдау орталығы, «Жаратылыстану - гуманитарлық және педагогикалық академиясы» ҚҚ мен «Өнертапқыш өрендер.kz» дарынды балалар журналының редакциясы ұйымдастыруымен «ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕР - ЗАМАН КӨШІНДЕ» атты мектеп оқушылары мен колледж, ЖОО студенттері арасындағы өткен ғылыми-шығармашылық, халықаралық конференциясында «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі қолданбалы бакалавры» мамандығының БҚБ 11г-24 тобының студенті Жақсыбекова Лаура І орын алып, дипломмен марапатталды.