Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
БІЛІКТІЛІК СИПАТТАМАСЫ

Мемлекеттік білім стандартына сәйкес мектепке дейінгі ұжымдарда, мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуды жүзеге асырады. Оқыту мен тәрбиелеудің түрлі әдістерін, тәсілдерін және құралдарын қолданады. Балалардың дербес ерекшеліктерін, психологтың ұсыныстарын ескеру негізінде тәрбиеленушілердің түзетуші – дамытушылық жұмыстарын жоспарлайды және жүргізеді (топпен және жеке). Дәрігер қызметкерлермен бірге балалардың денсаулығын сақтауды және нығайтуды қамтамасыз етеді, психофизологиялық дамуын жетілдіретін іс-шаралар ұйымдастырады және олардың өмірі мен денсаулығына жауап береді. Тәрбиеленушілердің күн режимін орындауын және бос уақыттарын ұйымдастырады. Оқыту процесін жүргізеді, ұйымдастырады және қосымша білім алуға көмек береді. Балаларды көркем шығармашылыққа және қызығушылықтары бойынша түрлі бірлестіктерге тартады. Тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне қарай өзіне – өзі қызмет ету бойынша жұмыстарды, қоғамдық пайдалы еңбекке қатыстыруды ұйымдастырады. Балалардың мәдени – гигиеналық дағдыларын қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізеді. Балалар ұжымының іс – әрекетінде өзін – өзі басқарудың бастамасын ұйымдастыруға көмек береді. Балалардың дербес ерекшеліктерін, қызығушылықтарын, қаблеттерін және бейімділіктерін, олардың отбасылық жағдайларын және тұрғын жайлары мен тұрмыс жағдайларын зерделейді. Балалардың ата – аналарымен немесе олардың орнын ауыстырушылығымен біріккен жұмыстар ұйымдастырады. Тәрбиешінің көмекшісінің және басқа қызметкерлердің қызметтерін білім беру және тәрбиелеудің біртұтас процесі аясына шоғырланады. Өзінің кәсби біліктілігін жүйелі көтеріп отырады. Оқыту ақпаратын модульдеу, Ақпараттық – оқыту ортасын құрастыру, қашықтан интерактивті қарым – қатнасты жобалау, оқыту мен тәрбиелеу сапасының мониторингін жүргізу, тәрбиеленуші мен тәрбиешінің жетістіктерінің портфолиосына қажетті мәліметтер жинау әдістерін біледі.

Білім алушылардың өз мамандығына деген қызығушылығын арттыру мақсатында кәсіби бағытталған «Жас тәрбиеші» атты үйірме ашылған.Үйірменің мақсаты жас тәрбиешілерге кәсіптік шеберлігін, оқытуда ақпараттық технологияны қолданудағы ізденістерін, әдіс-тәсілдерін көрсету арқылы педагогтардың бүгінгі білім беру талабына сай ақпараттық құзырлығын жетілдіру. Жас тәрбиешілердің мотивациясын арттыру мақсатында жоспарға сай жұмыстар жүргізілуде.Атап айтатын болсақ «Ертегілер еліне саяхат» бағыты бойынша білім алушылар театрдың әр түрі қолданылады: үстел үстіндегі, саусақтағы,, фланелеграф арқылы драмаландыру, костюмдардың элементтері мен атрибуттарды пайдалану арқылы ертегілерді ойнауға үлкен қызығушылық пен ынтасын тудырады. «Шалқан», «Бауырсақ», «Мақта қыз бен мысық», «Құмырсқа» т.б.ертегілерін сахналады.

Сонымен қатар колледжіміздің білім алушылары көптеген іс-шараларға қатысып отырады. Мұндай іс-шараларға қатысу кәсіпкерлік дағдыларды дамытуға, белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыруға және командада жұмыс істеуге қабілетті, табысты жұмысқа ықпал етеді.

  • Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығы бойынша білім алушылар Шымкент қаласындағы «Бала шақ» балабақшасы, меңгерушісі Шоханқызы Жұбаныш, №16 «Сымбат» балабақшасы, меңгерушісі Сакбаева Д.А., «Botakoz» балабақшасы, меңгерушісі Нишанова М.К., №66 «Болашақ» балабақшасы МКҚК, меңгерушісі Мартыненко Т.В., «Адиюша» балабақшасы, меңгерушісі Медетбекова Ж.С. мекемелерімен дуальдік білім беру жүйесімен мамандықтың қыр-сырын меңгеріп, кәсіби шеберлікке дайындалады. Келесі оқу жылында «Жұлдыз» бөбекжай балабақшасымен, меңгерушісі Мамутова Г.К. осы жүйемен келісім жасалады. Студенттер тәжірибе жүргізу барысында төмендегідей іскерліктер мен дағдыларын қалыптастырады:

• Мектепке дейінгі мекемелердегі оқу-тәрбие жұмысымен танысу.

• Педагогикалық озық тәжірибелермен танысу.

• Режимдік үрдісті өткізу, еңбек , түрлі іс-шаралар ұйымдастыру;

• Түрлі жастағы балалармен байқау жұмыстарын жүргізу.

• Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасын құру;

• Көрнекілік құралдар, дидактикалық материалдар дайындау.

• Күнделік жүргізу.

Өндірістік тәжірибесінің қорытындысы бойынша білім алушылар сәйкес есептерін тапсырады, оны тәжірибенің жетекшісі немесе әдіскер тексеріп, бағалайды. Есеп беруді қорғау қорытындысы диффренциалдық сынақпен сандық балды –рейтингтік әріптік баға немесе бесбалдық жүйесімен бағаланады. Есеп берулер кәсіптік тәжірибе өтуінің нәтижелері бойынша есеп беру нәтижелерін тіркеу және есепке алу журналына тіркеледі және оқу жылының аяқталуына дейін сақталады.

Практикадан өткен білім сапасы жақсы мамандар оқуы аяқталғасын осы мекемелерде жұмысқа орналасады. «Сымбат», «Адиюша», «Бала шақ» балабақшаларында колледж түлектері жұмыс істеуде.

Оқытушылар мен білім алушылар жетістіктері.

Оқытушылар мен білім алушылар айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп тұрады. Облыстық білім басқармасы, әдістемелік кабинет, құзыреттілік орталықтар тарапынан ұйымдастырылған барлық байқауларға толық қатысып, жақсы нәтижелер көрсетті.

Облыстық әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен «Бесік жыры – тәрбие бастауы» атты облыстық байқауда І-орын алып «Дипломмен» 2017ж марапатталады.

Кафедра оқытушысы А.А.Алтынбекова ОҚО Білім басқармасы, ОҚО әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен, ОҚО облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында өткен «Үздік өндірістік оқыту шебері - 2017» байқауына қатысып, жүлделі І-орынды және ОҚПК ұйымдастыруымен өткен «Жаңартылған білім мазмұны» атты аймақтық семинарда жүлделі ІІІ-орынды иемденді.

2020-2021 жылдары «Үздік ғылыми-танымдық баяндамалар» тақырыбындағы Республикалық конкурсында «Жастар арасындағы кикілжіңнің туындауы және оның алдын алу» атты тақырыпта баяндамасымен қашықтықтан қатысып МДҚБ-11г-19 тобының білім алушысы Әмірсейіт Таңшолпан II орын иеленді. Х.Ғ.Б.Қ.О ұйымдастыруымен Алматы қаласында Республикалық оқушылар арасында өткен «Жас ғалым-2021» атты ғылыми жоба байқауында «Наурыздың символы-Қызғалдақ» тақырыбы бойынша МДТ-9г-20 тобының білім алушысы Сайлаубай Айжан қатысып I орын иеленді. Колледж білім алушыларының ғылыми-зерттеушілік дағдыларын дамыту мақсатында пәндік олимпиадада үздік білім жетістігін көрсетіп озық идеяларымен бөліскені үшін МДҚБ-11г-19 тобының білім алушысы Әмірсейіт Таңшолпан II орын иеленді. Аумақтық чемпионат Worldskills Kazakhstan «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзіреттілігі бойынша оқытушы Токсанбаева Г.Б сертификатпен марапатталды. 2020-2021 оқу жылында өткізілген «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Қазақстан» аумақтық чемпионатына МДТ-9г-17 тобының білім алушы Нышанбай Мерей қатысып, жетекшісі «Мектепке дейінгі педагогика және психология» пәнінің оқытушысы Токсанбаева Г.Б сертификаттармен марапатталды.Ақпан айының 26 күні Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжінде өтетін «Kindergarten teacher-2022» атты байқауға «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша МДТ-9г-18/2 тобының білім алушысы Төлепберген Аяжан қатысп алғыс хатпен марапаталды

2020-2021 жылдары «Үздік ғылыми-танымдық баяндамалар» тақырыбындағы Республикалық конкурсында «Жастар арасындағы кикілжіңнің туындауы және оның алдын алу» атты тақырыпта баяндамасымен қашықтықтан қатысып МДҚБ-11г-19 тобының білім алушысы Әмірсейіт Таңшолпан II орын иеленді. 2020-2021 оқу жылында өткізілген «Бастауыш білім беру» құзіреттілігі бойынша «WorldSkills Қазақстан» аумақтық чемпионатына ББ-9г-17 тобының білім алушысы Назарқасым Әсел қатысып, жетекшісі «Педагогика» пәнінің оқытушысы Аулабекова М.К сертификаттармен марапатталды.

Облыстық құзыреттіліктер, апталықтар, ашық сабақтар.

Оқытушының кәсіби шеберліктерін шыңдай отырып, білімнің жаңа құбылыстарын түсінетін, көзқарастар жүйесіне ие, шығармашыл оқытушылардың озат іс- тәжірибелерін жинақтап, насихаттау және тарату, жан- жақты білімді, әлеуметтік белсенді шығармашылық тұрғыда дамитын тұлғаның қалыптасуына сай кәсіби шеберлігі шыңдалған оқытушылардың жұмысын дамыта отырып, Жас ұстаздар мектебі және шығармашылық топпен сабақтастықты жүзеге асырылады. Өзара тәжірибе алмасу, өздігінен білім көтеру, кәсіби құзыреттілігін көтеру арқылы өз ісінің шеберін дайындау мақсатында Оқытушы: Иманова К.А. 28.10.2021 МДҚБ-11г-19 «Педагогикалық этика негіздері» пәні бойынша «Педагогтың жеке тұлғасына қойылатын этикалық талаптар» тақырыбында шебер-сабақ өту барысында педагогтың жеке тұлғасына қойылатын этикалық талаптармен білім алушыларды таныстырды. Педагогикалық қарым-қатынасты дамытуда коммуникативтік әрекеттің маңыздылығын талқылай отырып этикалық талаптардың негізі-сөйлеу мәдениетінің ережелерін саралады. Ашық сабақ жоғарғы деңгейде өтті. Жаңа технологиялардың элементтерін көрсете алды. Білім алушылардың сабаққа деген қызығушылығын арта білді.

Оқытушы Әбдіхан Ш.А.22.02.2022ж. МДҚБ-11г-20 тобының білім алушыларымен «Бейнелеу өнері және оқыту әдістемесі» пәні бойынша «Балалар бақшасында бейнелеу өнері іс-әрекетін ұйымдастыру және сабағын өткізу» тақырыбында шебер-сабақ өту барысында білім алушыларға сурет салудың, жапсырмалау жұмыстарының қыр сырын меңгерте отырып, балабақшада балалармен қарым- қатынас жолдарын үйрете білді.