Акушерлік іс
БІЛІКТІЛІК СИПАТТАМАСЫ

Шымкент қаласы білім басқармасының «Болашақ» жоғары колледжі 09130200 «Акушерлік іс» мамандығы 4S09130201 «Акушер» біліктілігі бойынша мамандар дайындайды.

Акушер дәрігерге дейінгі медициналық және медициналық-әлеуметтік көмекті жүзеге асырады, бұл ретте медициналық көмектің келесі нысандарын ұсынады:
Жүкті әйелдерге, босанатын әйелдерге, босанған әйелдерге, Акушерлік және гинекологиялық бөлімшелерге, перинаталдық орталықтарға, әйелдер консультациясына, диагностикалық-көмекші қызметтерге және стационарлық және емханалық үлгідегі медициналық ұйымдардың бөлімшелеріне емдеу-диагностикалық көмек. Акушерлік практикадағы ең үздік заманауи жетістіктерді пайдаланады, тиімді перинаталдық технологияларды пайдаланады, олардың тиімділігі мен қауіпсіздігінің қолда бар дәлелдеріне сүйене отырып, профилактикалық, диагностикалық және емдеу шараларын қолданады.

 

«Акушерлік іс» мамандығының лауазымдық міндеттері:

жүкті әйелдерге, жас босанған әйелдерге, жаңа босанған әйелдерге, түрлі бейіндегі акушерлік және гинекологиялық бөлімдердегі, перинаталдық орталықтардағы және ана мен баланы қорғау орталықтарындағы, әйел консультацияларындағы, диагностикалық қосалқы қызметтер мен стационарлық және емхана типті медициналық ұйымдар бөлімдеріндегі гинекологиялық аурумен ауратындарға емдеу-диагностикалық көмек көрсету;

асқынбаған босану кезінде өз бетімен, ал босану, босанудан кейінгі патология кезінде акушер - гинеколог дәрігермен бірге медициналық көмек көрсету;

қызметінің бейіні бойынша қатты аурулар және қайғылы оқиғалар кезінде дәрігерге дейінгі жедел медициналық көмек көрсету;

бөлімдегі (әйелдер консультациясында, кабинетте) санитарлық - гигиеналық және санитарлық - эпидемиологиялық тәртіптерді сақтау;

тиісті бөлімге арналған белгіленген медициналық құжаттарды рәсімдеу;

эпидемияның шұғыл жағдайларында, жаппай зақымдану ошақтарында халыққа медициналық көмек көрсету;

гинекологиялық ауруларды анықтау мақсатында әйелдерді профилактикалық тексеру (дәрігермен бірге немесе өз бетімен);

емделушінің өмір сүру жағдайы мен сипатын есепке ала отырып, емделушінің, отбасының, қоғамның денсаулығы үшін қауіпті физикалық, психикалық, әлеуметтік және мәдени факторларды анықтау;

контрацепцияның, қалаусыз жүктілікті алдын алудың, оның ішінде жасөспірімдер арасында, және жыныстық жолмен берілетін ауруларды алдын алудың заманауи әдістерін енгізу туралы шаралар өткізу;

акушерлік-гинекологиялық бейіндегі медициналық ұйымдардың құрылымдық бөлімдерінде емделушілер мен медициналық қызметкерлерді инфекциялық бақылау және инфекциялық қауіпсіздік жүйелерін жүзеге асыру.


Ашық сабақтар

«Акушерия және гинекология» пәнінің оқытушысы Ақтлеуова А. «Акушерлік іс» мамандығының АК-11-21 тобында «Жатырішілік контрацепция» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақты өту барысында жатырішілік спиральді алу және салу жолдарын түсіндіруде симмуляциялық, монипуляциялық техникалар пайдаланылды. Сабақта көрнекіліктер өте жақсы қолданылды. Оқытушы сабақта жатырішілік спиральдің қажеттілігін және зиянды тұстарын да қарастырып өтті. Студенттер жоғары белсенділік танытып, ашық сұрақ жауап арқылы сабақты қызықтырып, терең білімдерін көрсете алды.