Шымкент қаласы білім басқармасының «Болашақ» жоғары колледжі
09110100 «Стоматология» мамандығы 4S09110102 «Дантист» біліктілігі бойынша мамандар дайындайды.
Стоматологиялық көмек көрсетеді және дәлелді білімге негізделген шешімдер қабылдайды. Клиникалық шешімдер қабылдау үшін тиісті медициналық ақпаратты пайдаланады. Пациенттердің қажеттіліктерін анықтайды, пациентке бағытталған жоспарды жасайды және жүзеге асырады, күтім нәтижелерін құжаттайды және бағалайды.
Оңалту және сауықтыру тәсілін қолдану арқылы пациенттердің функционалдық қабілеттерін бағалайды және жақсартуға ықпал етеді. Аурулардың алдын алу, диагностикалау және емдеу және денсаулықты нығайту үшін пациентке бағдарланған және дәлелді деректерге негізделген қауіпсіз стоматологиялық көмек көрсету қабілетін көрсету;
«Стоматология» мамандығының лауазымдық міндеттері:
Ашық сабақтар
«Терапиялық стоматология негіздері» пәнінің оқытушысы Туртаева Г. «Стоматология» мамандығының Стом-9-20 тобы студенттеріне «Тіс жегі ақаулары және тіс жегі емес ақаулар» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақты өту барысында тістің қатты тіндерінің тіс жегі емес ақаулар жүйесі, яғни тістің эрозиясы, патологиялық қажалуы, гиперэстезиясы симмуляциялық тәсілдер арқылы көрсетілді. Сонымен қатар, көрнекіліктер арқылы тіс жегі ауруларының емі түсіндірілді. Кейбір студенттердің тістерін қарап, мысал ретінде тіс жегі ақауларын түсіндірді.