Шымкент қаласы білім басқармасының «Болашақ» жоғары колледжі 09120100 «Емдеу ісі» мамандығы 4S09120101 «Фельдшер» біліктілігі бойынша мамандар дайындайды.
Емдеу ісі – бұл базалық медициналық білім, содан кейін барып арнайы мамандандықты игеруге болады: хирург, терапевт, кардиолог, педиатр және т.б. Әр курста студенттер ауруханаларда, емханаларда және жедел жәрдем станцияларында міндетті практикадан өтеді. Бұл саланың қызметкерлері мықты денсаулыққа, жақсы дене дайындығына, батылдық пен жігерлікке ие.
Маман төмендегі қызметтерді атқарады
ауруханада, емханаларда, дәрігерлік амбулаторияларда (ДА), фельдшерлік-акушерлік пунктерде (ФАП), АМСК орталықтарында емдік-диагностикалық шараларға, әртүрлі жас аралықтарында науқастарға алғашқы медициналық және санитарлық көмек көрсетуге қатысу;
науқастың жағдайын бағалау және дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету.
медициналық мекемелерде санитарлық-гигиеналық тазалық сақтау;
экстремалды жағдайда тұрғындарға медициналық көмек;
жаңа ақпараттық технологияларды, әдістемелерді пайдаланудың әдістері мен өнімді қабылдау;
әр жастағы топ науқастарының бірігуі және жанұясы құқығының өзіндік денсаулықты қалыптастыруға күш біріктіру;
әртүрлі сұрақтар нәтижесінде кеңестер беру және басқа факторлар нәтижесінде денсаулыққа байланысты сұрақтар қойылу;
балаларды ерте жасында тамақтандыру (табиғи тамақтандыру, қосымша тамақ беру), психологиялық дамуы, шынықтыру, мектепке және мектепке дейінгі мекемелерге даярлау жөніндегі сұрақтарға кеңес жүргізу;
әр түрлі жастағы балалардың нервтік-психикалық дамуы, имуннопрофилактика, диспансерлік бақылау жөніндегі сұрақтарға кеңес беру;
нормативті медициналық іс- құжаттарды алғашқы медико-санитарлық ұжымдарда ұйымдастыру;
ұжыммен бірігу және бірлесе жұмыс істеу;
аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау.
Облыстық құзыреттіліктер, апталықтар, ашық сабақтар
Кафедрада білікті мамандар, медицина ғылымының кандидаты, магистрлар сабақ береді.
Ашық сабақ кестесі мен өзара сабаққа қатысу кестесіне сəйкес оқу жылында кафедра оқытушылары өзара бақылау жəне тəжірибе алмасу мақсатында бір-бірінің теориялық және тәжірибелік сабақтарына қатысып, олардың талдауларын жүргізіп, тілектерін білдіруде. Сабақтар кестеге сәйкес жүргізіліп отырады.
«Қызықты химия» тақырыбында химия пәні оқытушысы Аюбай А.Н ұйымдастыруымен «Емдеу ісі» мамандықтары бойынша ФР-9г-23/1,2,3 топтары арасында сайыс сабағы өтілді. Білім алушыларға химия ғылымының сан алуандылығы мен ғажайыптылығын ұғындырды. Сабақ барысында студенттер өздерінің білімдерін, тапқырлықтарын көрсете білді. Сайысты студенттер мен қатар оқытушылар тамашалап, өздерінің ойларымен бөлісті.
Арнайы пән оқытушысы, дәрігер-невропатолог Жумагулова Ү.Б. ұйымдастыруымен және арнайы пән оқытушыларының және студенттердің қатысуымен тренинг «Адамның денсаулығы – қоғам байлығы» тақырыбында ағартушылық және ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
«Медициналық шұғыл көмек» пән оқытушысы Самық Г. ФР-11г-22/1 тобында «Клиникалық өлім кезіндегі алғашқы көмек» тақырыбына ашық сабақ өткізді. Сабақта оқытушы өз білімділігін, студенттер белсенділіктерін көрсетті, сабақ өте жақсы деп бағаланды.
Психология пән оқытушысы Абдраманова А ФР-11г-22/1 тобында «Шұғыл жағдайда көмек көрсету алгоритмдері» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта көрнекіліктер өте жақсы қолданылды. Оқытушы сабақта «Сlinical training (CT)- клиникалық оқыту» инновациялық әдісін кеңінен қолданды. Сабақ қызықты және мазмұнды болды, студенттер жоғары белсенділік және терең білімдерін көрсете алды.
«Микробиология» пәнінің оқытушысы Илакбаева У.С