Фармация
БІЛІКТІЛІК СИПАТТАМАСЫ

Шымкент қаласы білім басқармасының «Болашақ» жоғары колледжі 09160100 «Фармация» мамандығы 4S09160101 «Фармацевт» біліктілігі бойынша мамандар дайындайды

Фармацевт дәрілерді іздестіру, шығару, сақтау, дайындау және сату мәселелерімен айналысатын ғылым түрі.

Көптеген фармакологиялық қасиеттері бар химиялық қосылыстар өнделмеген күйде не пайдасыз, не зиянды болып келеді. «Фармацевтика» осындай қосылыстарға нақты топ адамдарды емдеуге арналған бірегей мөлшерленген түр береді.

 

Маман төмендегі қызметтерді атқарады:

Дәрілік заттар мен дәріхана ассортиментінің тауарларын көтерме және бөлшек саудада өткізу, дәріхананың немесе дәріхана қоймасының бөлімдеріне басшылық жасау және ұйымдастыру дағдыларын көрсетеді;

Дәрілік препараттарды дайындайды және босатады, олардың сапасын бақылауды жүзеге асырады;

Құзыреті шегінде фармацевтикалық қызмет саласындағы негізгі күрделілік санатының практикалық міндеттерін дербес шешеді, жұмыс жағдайын және оның болжамды өзгерістерін талдайды, ағымдағы және қорытынды бақылауды, бағалауды және түзетуді жүргізеді;

Нормативтік-құқықтық базаның талаптарына сәйкес дәрілік заттарды, дәрілік өсімдік шикізатын және дәріхана ассортиментінің тауарларын қабылдауды, сақтауды ұйымдастырады;

Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және дәріханалық ассортименттің басқа да тауарларын халыққа және медициналық ұйымдарға береді;

Дәріханаішілік дайындамаларды дайындайды және кейіннен сату үшін дәрілік заттарды өлшейді.

 

 

 Облыстық құзыреттіліктер, апталықтар, ашық сабақтар

Кафедрада білікті мамандар, медицина ғылымының кандидаты, магистрлар сабақ береді.

Ашық сабақ кестесі мен өзара сабаққа қатысу кестесіне сəйкес оқу жылында кафедра оқытушылары өзара бақылау жəне тəжірибе алмасу мақсатында бір-бірінің теориялық және тәжірибелік сабақтарына қатысып, олардың талдауларын жүргізіп, тілектерін білдіруде. Сабақтар кестеге сәйкес жүргізіліп отырады.

«Фармакология» пәнінің оқытушысы Ж.Дустанова «Фармация» мамандығының ФМ-11-22 тобы білім алушыларымен «Ісіңді меңгерсең–шебер боласың» тақырыбында сайыс сабақ ұйымдастырды.

«Фармокология» пәнінің оқытушысы Қ.Балқыбек «Фармация» мамандығының ФМ-11-22 тобы студенттеріне «Қабыну және аллергия процестеріне әсер ететін дәрілер» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

«Фармакогнозия» пәнінің оқытушысы К.Қ Патсаеваның ұйымдастыруымен «Құрамында көмірсулары бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар» тақырыбында тәжірибелік сабақ өткізілді.