Шымкент қаласы білім басқармасының «Болашақ» жоғары колледжі 09130100 «Мейіргер ісі» мамандығы 4S09130103– «Жалпы практикадағы мейіргер» біліктілігі бойынша мамандар дайындайды.
«Мейіргер ісі» мамандығы адамды емдеу, бейнетін жеңілдету мен денсаулығын нығайту мақсатында мақсатты күтімді қарастырады. Мейіргер ісінің болмысы жеке адамдарға, отбасыларға немесе топтарға олардың физикалық, ақыл-ой және әлеуметтік әлеуетін анықтауға, қол жеткізуге және дамытуға көмектесу және олар өмір сүретін және жұмыс істейтін жағдайларда оны тиісті деңгейде қолдау болып табылады. Мейіргер ісі сонымен қатар сырқат кезінде жоспарлау мен көмек көрсетуді, оңалтуды қамтамасыз етуді (аурудан кейін қайта қалпына келу) қамтиды.
Жалпы практика мейірбикесінің лауазымдық міндеттері:
Облыстық құзыреттіліктер, ашық сабақтар
Кафедрада білікті мамандар, медицина ғылымының кандидаты, магистрлар сабақ береді.
Ашық сабақ кестесі мен өзара сабаққа қатысу кестесіне сəйкес оқу жылында кафедра оқытушылары өзара бақылау жəне тəжірибе алмасу мақсатында бір-бірінің теориялық және тәжірибелік сабақтарына қатысып, олардың талдауларын жүргізіп, тілектерін білдіруде. Сабақтар кестеге сәйкес жүргізіліп отырады.
«Мейіргер ісі» пәнінің оқытушысы Юнусова Н. «Мейіргер ісі» мамандығының МБ-9-20 тобында «Медбике – мерейлі мамандық» тақырыбында сайыс сабақ өтті. Симмуляциялық, монипуляциялық техникаларды пайдаланып сайыс түрінде өткізілді. Сабақта көрнекіліктер өте жақсы қолданылды. Оқытушы сабақта «Сlinical training (CT)- клиникалық оқыту» инновациялық әдісін кеңінен қолданды. Сабақ қызықты және мазмұнды болды, студенттер жоғары белсенділік және терең білімдерін көрсете алды.
«WORLDSKILLS SHYMKENT – 2023» қалалық чемпионатында “Медициналық және әлеуметтік күтім” құзыреті бойынша «Болашақ» жоғары колледжінің медицина кафедрасының студенті Исабекова Хадиша Жанибековна “Үздік маман” номенациясын иеленді. Ғылыми жетекшісі Юнусова Н.И
Бүгінгі күннің, қазіргі жахандану дәуірінің басты талабы – өркениетті қоғамға ілісе алатын ұрпақ тәрбиелеу.
«WORLDSKILLS SHYMKENT – 2023» Қалалық чемпионатында “Медициналық және әлеуметтік күтім”құзіреті бойынша Жоғарғы колледж “Болашақ “мидицина кафедрасының студенті Исабекова Хадиша Жанибековнаға “Үздік маман”наменациясын иеленді