Бағдарламалық қамтамасыз ету
БІЛІКТІЛІК СИПАТТАМАСЫ

Шымкент қаласы білім басқармасының «Болашақ» жоғары колледжі 06130100 – «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы 4S06130103 – «Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастырушысы» біліктілігі бойынша мамандар дайындайды.

«Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы арнайы математикалық моделдеу негізінде алгоритм мен компьютерлік бағдарламаларды және Веб-ресурстарды құрумен қатар үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз етумен айналысады.

«Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығын бітірген түлектер дербес компьютермен жұмыс жасайтын кез-келген мекемеде қызмет атқара алады. Сонымен қатар, ДЭЕМ операторы, мессенджерлер, бейне және аудио бақылаушы бағдарламаларын қамтамасыз ету, өрт қауіпсіздігі тетіктерінің жүйесін, операциялық жүйелермен жұмыс, желілік администратор жұмысы, үлкен және орта мәліметтер қорымен жұмыс, серверлерді орнату және олармен жұмыс, қосымша сыртқы және ішкі құрылғылардың жұмыс істеуін қадағалау, компьютерді сыртқы және желілік вирустардан қорғау, Web бағдарламашы, компьютер дизайнері және жобалаушысы, үлкен және кіші компьютерлік кластарды жабдықтаушы, кез-келген көлемдегі бағдарламалар құрушы және сайт жасаушы қызметтерін атқара алады.

Шымкент қаласы білім басқармасының «Болашақ» жоғары колледжі бағдарламалау саласына мамандар дайындау жайында 06130100 – «Бағдарламалық қамтамасыз ету» маманы дайындалады. Мамандық бойынша зертханалық дәрісханалар заманауи техникалық оқу құралдарымен, стендтермен, керекті оқулықтармен, оқу-әдістемелік құралдарымен жабдықталған және эстетикалық талапқа сай безендірілген.

Бұл бағытта біріншіден, негізгі базалық өндіріс орындарымен іс-тәжірибеден өту қажеттілігіне байланысты жұмыспен қамамасыз ету келісім шарттарының мерзімі ұзартылды, олармен әлеуметтік серіктестік туралы келісім-шарттарға қол қойылды. Техник-бағдарламашы мамандықты меңгерген оқушылардың көбі өндірістер мен кәсіпорындарға жыл сайын жұмысқа орналасады. Өнеркәсіп мамандарының тексеру нәтижесі бойынша, оқушылардың білім деңгейі жоғары және кәсіби талаптарға сай.

Орта деңгей маманы бағдарламалау тілдерінде қосымшалар мен мобильді қосымшаларды әзірлейді: C #, Java, Python, Swift және т.б. Access, MySQL, 1C мәліметтер қорын басқару құралдарын дамыту негіздерін біледі. HTML, PHP, XML, JavaScript бағдарламалау тілдерінің негізінде әмбебап желілік қосымшалар мен сайттар жасайды, Adobe InDesign, Photoshop және CorelDraw негізінде компьютерлік графиканы зерттейді, желілік технологиялар мен криптография әдістерін меңгереді.

Маман төмендегі қызметтерді атқарады:

• қолданбалы есептерді талдау, жобалау және бағдарламалау;

• бағдарламаны әзірлеудің барлық кезеңдерінде дұрыс технологияны таңдау;

• бағдарламалау тілін таңдау;

• бағдарламалар мен бағдарламалық құралдарды енгізу және қолдау;

• бағдарламалар мен бағдарламалық өнімдерді тестілеу.

«Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша Анисимов Глеб Алексеевич ІІ орын алып Қола медальмен марапатталды. Жетекшілері Алғыс хаттармен марапатталды.

Білім алушылар арасында «WorldSkills Қазақстан» чемпионатына, пәндік олимпиадаларға қатысуды ұйымдастыру және кезеңімен өткізу, сондай – ақ облыстық WS чемпионатына дайындық қызметін ұйымдастыру барысында «WorldSkills Түркістан» чемпионатында жүлделі орын иеленгеніне байланысты Wеб дизайн құзыреттілігі бойынша оқытушы Туймебек Б.М. және ЕТ-9г-18 тобының білім алушысы Төре Әлішер қатысып, Алғыс хатпен марапатталды.

Колледж білім алушыларының арнайы пәндерден алатын білімдері, меңгеретін біліктіліктері, игеретін дағдылары нақты және сапалы болу үшін және оларды кез келген жағдайда қолдана білу үшін оқытушы оқу үрдісін ұйымдастырудың тиімді педагогикалық технологияларын кеңінен пайдаланғаны жөн. Білім сапасының артуы, пәнді игеру барысында студенттің тақырыпты түсіне білуі – міне осылардың барлығы да сабақтың әдістемелік қамтамсыз етілуімен тікелей байланысты. Әдістемелік кабинет оқу бөлімімен бірге оқу жылының басынан Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқу бағдарламаларын жаңарту мен қайта өңдеу оқу-әдістемелік кешендерді құру және жаңарту мақсатында, сонымен қатар оқу кабинеттерінің дидактикалық қамтамасыз етілуіне байланысты жұмыстар жүргізді ББҰ заманауи білім беру технологиялары мен инновациялық оқыту және бағалау әдістерін енгізеді. 

  • Олардың негізгі мақсаты оқыту және бағалауда тиімді әдістерді пайдалану.
  • Білім алушылардың өз бетінше жұмыс жасау дағыдыларын дамыту, орындаған тапсырмаларының дұрыстығын өз бетінше тексеріп, қорытынды жасай білетін тұлға қалыптастыру. Білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беруде оқытудың техникалық құралдарын пайдалану процесі. Бұл процесті іске асыруда бірнеше кабинеттер арнайы құрал жабдықтармен жабдықталды.

Оқыту және бағалау әдістерінің қолданылатын білім беру технологиларының тізімі

  • Интербелсенді оқыту технологиясы
  • Ойын арқылы оқыту
  • Модульдік оқыту технологиясы
  • Деңгейлеп –саралап оқыту
  • Компьютерлік оқыту технологиясы
  • Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
  • Модульді-кредиттік оқыту технологиясы

«Үлеспен таныстыру әдістемесі. Саның үлесін, үлесі бойынша санды табу» тақырыбында 25.12.2019ж. күні математика пәнінің оқытушысы З.Б. Абдирахманова БББ-11г-17 тобында «Математиканың теориялық негіздері және бастауыш класта математиканы оқыту әдістемесі» пәні бойынша онлайн режимінде сабақ өтті.

02.03.2022 ж Маканбаев Т.Ж. ББ-9-21 тобына «Операциялық жүйені орнату» тақырыбында ашық сабақ жүргізді. Сабақтың мақсаты Операциялық жүйені орнату және баптау жолдары. Бейне роликті талдау. Тақырып кең ауқымды түрде түсіндіріліп, практикалық тапсырмалар беріп жауаптар алынды.