Құқықтану
БІЛІКТІЛІК СИПАТТАМАСЫ

«Құқықтану» мамандығы болашақ маманға қызықты кәсіпті қамтамасыз ете отырып, өзін экономикалық және құқықтық қызмет саласындағы бәсекеге қабілетті маман ретінде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қазіргі қарқынды дамып келе жатқан қазақстандық қоғамның ең сұранысқа ие мамандықтарының бірі болып табылады.

Заңгер – қазіргі кезде заң ғылымында ең сұранысқа ие мамандық. Мамандар үшін бос орындар көп.

Заң ғылымдары, құқықтық мәселелер бойынша маман; заңдық білімі бар адам. Заңгер – қарапайым тілмен айтқанда, бұл заң ғылымы мен заңның қыр-сырын түсінетін маман. Заңгер күрделірек жұмыс істейді. Сотқа дейінгі талап-арыздарды, шағымдарды дайындайды, сот және мемлекеттік органдарда компанияның мүдделерін қолдайды.Заңгер Қазақстан Республикасының заңнамасын жақсы білуі қажет, өйткені оның барлық әрекеттері заң мен нормативтік актілерге негізделуі тиіс.

Заңгер қызметінің негізгі бағыттары:

• ұйымдық-құқықтық – ұйымдастырушылық, өндірістік және басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасы заңдарының және басқа да нормативтік құқықтық актілердің талаптарын орындау; заңдылықтың сақталуын бақылау, заңгерлік кеңес беру; жеке және заңды тұлғаларға олардың құқықтары мен заңды мүдделерін белгіленген шектерде қорғауға жәрдем көрсету;

• ұйымдастырушылық-басқарушылық – мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында ұйымдастырушылық-басқарушылық функцияларын жүзеге асыру; азаматтар мен лауазымды тұлғаларды заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің ережелері туралы хабардар ету, құқықтық білімді тарату.

Түлектер нені білуі керек:

• оның қызметінің нақты саласын анықтайтын құқықтық нормалардың мазмұнын, олардың өзара байланысын және кәсіби қызметте құқықты жүзеге асырудағы маңызын түсіну;

• азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау нысандары; мемлекеттің мәнін, түрлері мен нысандарын;

• құқықтың түсінігі мен мәні;

• әділеттілік және оның принциптері;

• Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының жүйесі;

• Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымы;

• іскерлік қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері мен ерекшеліктері, заңгер жұмысындағы кәсіби этика элементтері;

• әртүрлі құжаттарды дайындаудың негізгі ережелері.

Бітіруші білуі керек:

• гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық ғылымдар бойынша алған білімдері мен әдістерін кәсіби қызметте пайдалану;

• әр-түрлі құқық салаларының нормаларын түсіндіру;

• өз көзқарасын логикалық-сауатты түрде білдіру және негіздеу;

• құқықтық ұғымдар мен санаттармен еркін әрекет ету;

• құқық қорғау органдарының жүйесін, құрылымын, құзыретін бағдарлау;

• кәсіби қызметте нормативтік құқықтық құжаттарды пайдалану;

• әртүрлі құқықтық құжаттарды ресімдеу;

• азаматтық құқық, еңбек, әкімшілік құқық, қылмыстық құқық және басқа да қатынастар саласындағы құқықтық мәселелерді талдау және шешу;

• ұйымдардың (кәсіпорындардың) құқықтық қызметін талдау және жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау.

Құқық тәрбие. Мақсаты: Адам құқығына құрметпен қарау. Білім алушылардың құқықтық санасын, өсу, даму, ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру. ҚР-дағы сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясын түсіндіру бойынша білім алушылардың құқық қорғау органдары өкілдерімен кездесу, «Арнамысты арқалаған рухты батыр Бауыржан» тақырыбында колледж білім алушыларымен «Адалдық» сағаты, «Адамды және азаматты тәрбиелеу:білім алушылардың құқықтары мен міндеттері» атты тақырыбында құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесу, «Кәмілетке толмағандардың қылмыс үшін қылмыстық жауаптылығы» дәрісі сабағы т.б іс-шаралар өткізілді.

Тұлғаның қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен, дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін, көзқарастарын қалыптастыру. Осы бағыт бойынша Қарттар күнін атап өту мақсатында «Үлкенге-құрмет, кішіге ізет» тақырыбында дебат өткізілді. Жастарға қарияларды құрметтеп, көмек көрсету дәріптеу мақсаттында қаттардың отбасна барып көмек көрсетілді «Біз қазақстандықтар-біртұтас халықпыз!» қайырымдылық жәрмеңкесі, адамгершілік пен имандылыққа арналған кездесулер т,б іс шаралар өткізіліп отырды .

2021-2022 оқу жылының І-ші жарты жылдығында «Құқықтану» мамандығы бойынша кафедраның ұйымдастыруымен топтар арасында сот процессі өткізіліп ашық сабақ өтті. Ашық сабақта ҚТ-9-19 тобының білім алушылары «Туркестан облысы, Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық соты, құрамында төрағалық етуші судья - Төреш Айда, хатшылықта - Мырзақасым Инабат,мемлекеттік айыптаушы -Тастемір Ернұр, қорғаушы Жансая Мадибековалардың қатысуларымен, өзінің ашық басты сот талқылауында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 96 бабы 1 бөлігімен айыпталған сотталушы Боранбай Даулет Сейілбекұлының қылмыстық ісін қарап» рөлін ойнады. Ашық сабақ жоғары деңгейде өтті деп бағаланды.