Аударма ісі
БІЛІКТІЛІК СИПАТТАМАСЫ

Шымкент қаласы білім басқармасының «Болашақ» жоғары колледжі 023100100 – «Аударма ісі» мамандығы 4S02310101 – «Аудармашы» біліктілігі бойынша мамандар дайындайды. Үлгілік оқу жоспары және білім беру бағдарламасы ҚР техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын ұйымдардың қолдануы және сақтауы үшін міндетті болып тобылады.

«Аударма ісі» маманының кәсіби қызмет түрлері:

-аудармалық (түрлі жанрдағы мәтіндерді, құжаттарды жазбаша аудару, келіссөз, халықаралық кездесу, конференция, семинарларда ауызша аудару, синхронды-вербалды қатынас орнату);

-өндірістік-басқармашылық (кәсіптік тапсырмаларды, әртүрлі аударма жұмыстарын жүргізу және құжаттарды дайындау);

-әлеуметтік-саяси (талдау жасау, іскерлік хаттар жазу, түрлі құжаттарды редакциялау);

-ғылыми-зерттеушілік (материал жинау, талдау, баяндамалар дайындау, аударма ісі мен өзара мәдени қатынас, ақпараттық мәтіндерді редакциялау).

«Аударма ісі» мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларын меңгеру нәтижесінде білім алушы орта буын маманының біліктілік деңгейлеріне сәйкес келетін базалық және кәсіптік құзыреттерді меңгеруі тиіс. Өзінің болашақ мамандығының мәні мен әлеуметтік маңызын түсіну, оған тұрақты қызығушылық таныту. Кәсіптік жағдайға жүйелі әрекет ету қабілеті болу керек. Аударманың бастапқы мәтінінің мазмұнын өзінше түсіндіре алу, лексикалық және грамматикалық ерекшеліктеріне негізделе отырып өзгерту.

Шымкент қаласы білім басқармасының «Болашақ» жоғары колледжінде мамандық бойынша зертханалық дәрісханалар заманауи техникалық оқу құралдарымен, стендтермен, керекті оқулықтармен, оқу-әдістемелік құралдарымен жабдықталған және эстетикалық талапқа сай безендірілген.

Бірлестікте педагогтар кәсіпорындардағы біліктілігі жоғары мамандармен байланысты қамтамасыз ету барысында жүйелі жұмыстар атқарады. Негізінен өндіріс мамандары дипломдық жобаның рецензенттері, өндірістік тәжірибе жетекшілері болып, әрі сұрақ-жауаптан тұратын дөңгелек үстел кездесулеріне жиі қатысады.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтілетін апталықта кафедраның оқытушылары мен студеттері белсене қатысады. Апталыққа оқытушылар ашық сабақ, түрлі қызықты іс-шаралар өтеді.

Шымкент қаласы білім басқармасының «Болашақ» жоғары колледжінің аудармашы түлектері қазіргі таңда өз мамандығы бойынша биік шыңдарды бағындыруда.

Сонымен қатар бөлім оқытушылары мен студенттері қалааралық іс-шараларға және республика деңгейіндегі үлкен жобаларға қатысып жүлделі орындарға ие болып жатыр:

Кәсіби әдептілікті сақтау, аударманың бастапқы мәтінінің мазмұнын өзінше түсіндіре алу, лексикалық және грамматикалық ерекшеліктеріне негізделе отырып өзгерту. Аударманың бастапқы мәтінінің мазмұнын сақтай отырып тұспалдап жеткізу. Ана тілінен шетел тіліне рефераттық аудару, айтылған сөзді, пікірді қайта өзгерту және оның мәнін шығару. Ауызша дәйекті аудару кезінде бір тілден екінші тілге тез қарқынмен ауысу.

Білім алушылардың өз мамандығына деген қызығушылығын арттыру мақсатында кәсіби бағытталған «Mix club» үйірмесінің атқарған жұмыстары.

Білім алушылардың өз мамандығына деген қызығушылығын арттыру мақсатында кәсіби бағытталған «Mix club» үйірмесі, «Speaking club» жұмыс істеуде. Үйірмелердің мақсаты білім алушылардың бойында жоғары адамгершілікке тәрбиелеу, жұмыс қабілетін көтеру, білім алушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Болашақ кәсіби қызметіне кәсіби бағыттау, теориялық білімдерін бекітіп тереңдету, таңдалған мамандық бойынша кәсіби қызметін өз бетінше жетілдіру.

Білім алушылардың тілге қызығушылығын арттыру мақсатында ағылшын тілінен «Mix club» үйірмелері жұмыс жасауда. «Mix Club» үйірме жұмысының мақсаты - білім алушылардың білімін тереңдету, меңгерген тілді практикалық жолмен игеру болып табылады. «Mix Club» үйірмесі білім алушылардың білім сапасын көтеруге, еңбек және адамгершілік тәрбиесіне,терең және берік білім мен дағдыны қалыптастыруға негізделген.

«Mix Club» үйірмесінің негізгі міндеті – білім алушылардың білім ордасында алған білімдерінің негізінде мамандық бойынша мәтіндерді аударуға үйретуге негіз болып табылатын оқу іскерлігі мен дағдысын және ауызша сөйлеу дағдысын дамыту.

Үйірмеде негізгі іс-шаралар тіл материалдарының негізінде ауызша сөйлеу дағдысын дамытуға, грамматикалық материал негізіндегі көркем әдебиет мәтінін сөздіксіз оқуға және ауызша сөйлеуге үйретуге сондай –ақ өз ойын еркін жеткізуге бағытталған.

Тілге үйрететін материал білім алушылардың білімін кеңейтуге және интернационализмге, яғни халықтар достығын нығайтуға көмектесуге бейімдейді.

 «Mix Club» үйірмесінде колледждің ағылшын тіліне қызығушылығы бар білім алушылары қатысады.Үйірме жұмысының жылдық жоспары жасалып, үйірме мүшелеріне білім алушылар тартылды. Үйірме құрамында 30 білім алушы бар, олар «Аударма ісі», «Бастауыш білім беру», «Шетел тілі пәні мұғалімі» мамандықтарының білім алушыларының 1-2 курс аралықтары қамтылған.