Шет тілі
БІЛІКТІЛІК СИПАТТАМАСЫ

Шымкент қаласы білім басқармасының «Болашақ» жоғары колледжі 01140600 – «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы 4S01140605 – «Шетел тілі мұғалімі» біліктілігі бойынша мамандар дайындайды.

«Шетел тілі мұғалімі» мемлекеттік білім стандартына сәйкес мектепте сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастырады. Өзінің кәсіби біліктілігін жүйелі көтеріп отырады. Оқу ақпаратын модульдеу, ақпараттық-оқыту ортасын құрастыру, қашықтан интерактивтіқарым-қатнасты жобалау, оқу сапасының мониторингін жүргізу, білім алушылар мен оқытушының жетістіктерінің портфолиосына қажетті мәліметтер жинау әдістерін біледі.


Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар:

  • Мұғалім мамандығының мәні мен әлеуметтік маңыздылығын түсіну, балаларды сүю.
  • Адами қасиеттер үлгілеріне негізделген рухани құндылықтар мен нормаларды түсіну және қолдану.
  • Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңын, балалар құқықтары туралы Конвенцияны, нормативтік құжаттарды білу.
  • Әртүрлі жағдайы мәселелерді анықтай, жауапты шешімдер қабылдау, өз білімін жетілдіру.
  • Топтағы көзқарасты әртүрлі адамдармен этикет нормаларына сәйкес байланыс (каммуникация) орната білу.
  • Еңбек заңына сәйкес өз құқығын қорғай алу. Қауіпсіздік техника ережелерін сақтау.
  • Ауызша және жазбаша еркін қарым-қатнас тәсілдерін меңгеру.
  • Денсаулықты сақтау технологияларын пайдалана білу, өзінің физикалық қаблетін дамыта білу.
  • Ақпаратты жинау, өңдеу және сақтау, интернетпен, электрондық пошта, АКТ жұмыс іздеу тәсілдерін меңгеру.



Шымкент қаласы білім басқармасының «Болашақ» жоғары колледжінде 01140600 – «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» маманы дайындалады. Мамандық бойынша зертханалық дәрісханалар заманауи техникалық оқу құралдарымен, стендтермен, керекті оқулықтармен, оқу-әдістемелік құралдарымен жабдықталған және эстетикалық талапқа сай безендірілген.

Бұл бағытта біріншіден, негізгі базалық өндіріс орындарымен іс-тәжірибеден өту қажеттілігіне байланысты жұмыспен қамтамасыз ету келісім шарттарының мерзімі ұзартылды, олармен әлеуметтік серіктестік туралы келісім-шарттарға қол қойылды.

Арнайы пән оқытушыларының және білім алушылардың жетістіктері: