Дене тәрбиесі және спорт
БІЛІКТІЛІК СИПАТТАМАСЫ

Шымкент қаласы білім басқармасының «Болашақ» жоғары колледжі 01140500 Дене тәрбиесі және спорт мамандығы 4S01140501 Дене тәрбиесі мұғалімі біліктілігі бойынша мамандар дайындайды.

«Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бмғдарламасы орта буын маманы деңгейінде жүзеге асырылады.

  • Дене тәрбиесі мұғалімі-меншік формасына қарамастан спорт, білім беру мекемелерінің барлық түрлеріндегі оқу-тәрбиеүдерісі;
  • Дене тәрбиесі, суда жүзу нұсқаушысы- меншік формасына қарамастан спорт мекемелерінің барлық түрлеріндегі оқу үдерісі, жаттықтыру залы, стадион, бассейн, фтинес-орталықтары және т/б;
  • Спорт жаттықтырушысы- меншік формасына қарамастан спорт, білім беру мекемелерінің барлық түрлеріндегі оқу-тәрбие үдерісі, жаттықтыру залы, стадион, фитнес орталықтары;

Сабақ және сыныптан тыс шаралар өткізеді, спорт түрлері бойынша секцияларға жетекшілік етеді. Оқытудың түрлі формаларын, тәсілдерін, әдістері мен құралдарын қолданады. Пән бойынша қажетті жоспарларын құрастырады. Оқу үдерісінің графигі мен оқу және үлгілік жұмыс жоспарына сәйкес білім беру оқу бағдарламасын жасақтауға және орындауға қатысады. Әдістемелік бірлестік қызметіне және әдістемелік жұмыстардың басқа түрлеріне қатысады.

01140500-«Дене тәрбиесі және спорт»  мамандық бойынша білім беру бағдарламасын игеру нәтижесінде білім алушылар біліктіліктің тиісті деңгейлері бойынша базалық және кәсіптік құзыреттерді игеруі тиіс.

Мамандығының мәні мен әлеуметтік маңыздылығын түсіну. Адами қасиеттер үлгілеріне негізделген рухани құндылықтар мен нормаларды түсіну және қолдану. Әртүрлі жағдайдағы мәселелерді анықтай, жауапты шешеімдер қабылдай, өз шешімінің салдарын бағалай білу, өз білімін жетілдіру. Топтағы көзқарастары әртүрлі адамдармен этикет нормаларына сәйкес байланыс орната білу. Денсулықты сақтау технологияларын пайдалана білу, өзінің физикалық қабілетін дамыта білу.

Білім алушылардың психологиялық, анатомофизиологиялық даму ерекшеліктерін, оқу үдерісінің мәнін, дидактика заңдылықтарын білу. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі бойынша арнайы кәсіптік білімді, оқытудың жаңаша формалары мен құралдарын, қазіргі заманғы әдістерді, тәсілдерді, оқу-әдістемелік кешенді қолдана білу. Дене тәрбиесін оқыту әдістемесін меңгеру. Спорттық және қозғалмалы ойындардың, жеңіл атлетикалық және гимнастикалық жаттығулардың жүзу стилінің негізгі түрлерін, шаңғымен, конькимен және т.б. жылжу әдістерін білу.

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына орай жоғары және орта арнаулы оқу орындары арасында 22.12.2021 ж өткен спартакиада жарысында Футбол ойынынан ұлдар арасында «Болашақ» жоғары колледжі 1-ші орынмен марапатталды.

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына орай жоғары және орта арнаулы оқу орындары арасында 23.12.2021 ж өткен спартакиада жарысында «Тоғызқұмалақ» ойнынан І-ші орын иеленіп марапатталды.

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығы орай жоғары және орта арнаулы оқу орындары арасында 22.12.2021 ж өткен спартакиада жарысында Баскетебол ойынынан Қыздар арасында «Болашақ» жоғары колледжі 2-ші орынмен марапатталды.

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына орай жоғары және орта арнаулы оқу орындары арасында 23.12.2021ж өткен спартакиада жарысында Волейболдан ұлдар арасында «Болашақ» жоғары колледжі ІІІ-ші орын иеленіп марапатталды.